VII-VIII ғасыр.
белгісіз
«Мөр белгідегі түрік жазуы»
Қазіргі Моңғолия Дундговь аймағы өлкетану музейінде анықталынған.
Дундговь аймағы өлкетану музей қорында сақтаулы. Қола дәуірі - № 367.
Музейдің тіркеу кітабында оның қайдан табылғаны туралы дерек жазылмаған.
Мөр қоладан құйылып жасалынған екен. Мәтін 5 таңба-әріпті. Осындай мөр тәрізді көне түрік дәуірінің археологиялық заты бұған дейін табылмаған.
2,6 х 2,6 см.
1959 ж. моңғол ғалымы Х.Лувсанбалдан тапты 240 . Б.Базылхан алғаш рет ғылыми мәтіндік зерттеуін жариялады 241 .
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.156.