VI-VIII ғасыр.
«Тиын жазуы», « Түрік жазулы тиын»
Моңғолияның Дорнод аймағы археологиялық экспедициясының зерттеу кезінде табылған.
Моңғолия Археология институты лабораториясында сақтаулы (?)242 .
Қытайда шығарылған «У Шу-цянь» үлгілі мыс тиын. Алдыңғы бетінде (аверсте) Қытай екі дана иероглифті жазулы. Артқы бетінде (реверсте) көне түрік мәтіні 21 таңба-әріптен тұрады, олар биіктігі 4-5 мм үшкір затпен сызылып жазылған.
шеңбері- 2,5 см, төртбұрыш тесігі 1х1 см, қалыңдығы 0,1 см.
1961 ж. моңғол археологы Н.Сэр-Оджав археологиялық зерттеулер барысында тапқан 243 . 1972 ж. С.Г.Кляшторный оны б.з.д. 118 жылдан бастап 700 жыл бойы шығарылып тұрған қытай «ушуцянь» типтес тиындардың бірі екендігін және мәтінде буддалық діни оқымыстыларға тән «бақшы» деген сөз кездеседі, бұл VII-VIII ғасырларға жататын мұра деген жорамал жасайды 244 . Ал бұл тиынды зерттеген С.Харжаубай 245 мәтін 17 таңба-әріптен тұрады, хронологиялық тұрғыдан Хұн дәуіріне қатысты деп долбарлайды.
Мыс тиындағы жазу. С.Г.Кляшторныйдың транскрипциясы мен аудармасы
Qumaš baqšy qutluγ bolzun - Да будет благословен Кумаш-бакши!
Мыс тиындағы жазу. С.Харжаубайдың транскрипциясы мен аудармасы
Altun edis edigin altid. taqiγ olur - «Самые лучшие драгоценные вещи имеются в золотой сокровищнице кагана/троне/!»
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.157.