Қағандық атағы: Niri qaγan > Нири қаған. Туған жылы: ? Билік құрған жылдары: 587-599 . Әкесінің аты: Yang su tegin ? Өз аты: ? Мұқан қағанның немересі. Түрік бітіктастарда аты кездеспейді. Көне соғдыша: nry х'γ'n – Нири кехань. (Osawa, 2003). Қыт. : Нили кехань // Nili kehan (Osawa, 2003).
Нири қағанның ғұрыптық кешені қазіргі ҚХР, ШҰАР-ның Іле Қазақ автономиялық облысы «Моңғолкүре» ауданынан 5 км жердегі «Кіші қонақай» деген далада орнатылған . N- 43 07' 19", E- 81 11' 48".
Табылған орнында.
Нири қаған бәдізінде үш дөңгелек шеңберлі бөрік, бөріктің маңдайында дөңгелектеу келген символ, 8 бұрымды, құлағында сырға, оң қолында аяқ ұстаған, сол қолымен қылыштың сабын ұстаған, белдікті болып келеді. Бәдіздің төмеңгі тұсында 13 (20?) жол соғды жазулы мәтінінен 8 жолы үздік-үздік ғана сақталынған. Басқа жолдары толық зерттелмеген.
Бәдіз қызғылт сұр граниттен жасалынған.
2,30х0,5х 0,3 м.
Мәтінін Такаши Осава зерттеген.
Мәтіннің оқылуын қазақшаға аударған Н.Базылхан.