840-862 ж.
Қырғыз мемлекеті тұсындағы ірі мәтін.
«Суджи ескерткіші», E-47
Қазіргі Моңғолия Бұлған аймағы Сайхан сұмыны Сүүжийн асуы деген жерден табылған екен.
Белгісіз. Кейбір зерттеушілер жоғалған деп есептейді ?
1909 ж. Г.И.Рамстедт алғаш тауып бітіктас мәтіннің ғылыми аудармасын жасаған252 . Сол негізінде Х.Н.Орхун 253 , С.Е.Малов 254 , Ю.А.Зуев 255 , С.Г.Кляшторный 256 , Ғ. Айдаров257 және т.б. ғалымдар мәтіндік, тілдік және тарихи-деректанулық зерттеулерін жүргізген.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.162-163.