VII-VIII ғасыр.
«Дарви түрік жазуы»
Қазіргі Моңғолия Ховд аймағы Дарви сұмыны Шар булаг тауы «Байшин үзүүрийн жүргэрийн цагаан толгой» деген жердегі жартастан табылған.
табылған орнында.
Жартас кесек-кесек үйінді тәрізді ақшыл сұр гранит.
Үш бөлек жердегі 5 мәтін және 24 таңба қашалған.
Таңба-әріптің биіктігі орташа есеппен - 5 см.
1959 ж. моңғол археологы Х.Пэрлээ алғаш анықтаған, ал 1968 ж. Б.Ринчен262 фотосуретін жариялады. 1969, 1970 жылдары Кеңес-Моңғолия тарихи мәдени бірлескен экспедициясы С.Г.Кляшторный, Х.Лувсанбалдан, М.Шинэхүү қатысқан топ зерттеу жүргізген. Мәтіндік зерттеуді алғаш М.Шинэхүү өзі жасаған қол көшірмелерімен жариялады 263 .
М.Шинэхүүдің транскрипциясы мен аудармасы:
Мәтін № 1 Ay čur Abïqïm –Ай Чұр Абағым
(Мой Ая чур Абак)
Мәтін № 2 Külük Ata apa bit – Көлікті ата апа бітімі
(Потомок славных моих роидетелй/отца и матери)
Мәтін №3 Ay čur abïq adama – Ай чұр Абағын адамы
(человек Ай чура Абака )
Мәтін № 4 Ibaš aq ančulam – Ыбаш абақтың анайлаған
(Благодетель Ибаши Ака)
Мәтін № 5 Jegirmi ebin on ölmeken kelip ogü tolaq toqïdï – Жиырма үйлі он өлмелі келіп мақтай толық тоқтады
(Пришли /и/ окончательно по обосновались двадцать человек с жильем изголодных десять человек восхваляя /новое место/ )
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.166.