қазрусeng
:
:
«Шивээт Улаан» ғұрыптық кешені және таңбатасы
Татпар (Құтлық) қаған ғұрыптық кешені және бiтiктасы
Хүйіс Толгой ғұрыптық кешендері мен бітіктастары
Нири қаған ғұрыптық кешені мен бәдізі
Ел етміш (Білге атачым) Йабғұның ғұрыптық кешенi және бiтiктастары
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
Тұнық-ұқ ғұрыптық кешені және бiтiктасы
Күлі-чұр ғұрыптық кешені және бітіктасы
Алтын Тамған Тархан ғұрыптық кешені және бітіктасы
"Чойр" ғұрыптық кешені мен бәдіздегі мәтін
Күлтарханға арналған жартастағы мәтін
«Их Хануй көлi» ғұрыптық кешені және барықтағы мәтін
Ел Етмiш Бiлге қаған (Мойын-чұр) ғұрыптық кешенi және бітіктастары
Ел Етміш Білге қағанның (Тариат//Тэрх) екінші бітіктасы
«Тэсийн» бітіктасы
Орду-балық I (Қарабалғасұн I) бітіктасы
Орду-балық II (Қарабалғасұн II) бітіктасы
«Тэвш» бітіктасы
Қола мөрдегі жазу
Мыс тиындағы жазу
Тайхар жартастағы көне түрiк жазулары
Долоодойн бітіктасы
Сүүжийн бітіктасы
Сэврэй бітіктасы
«Дарви» жартас жазулары
Бөмбөгөр ғұрыптық кешені мен бітіктасы
“Зурийн овоо” жартастағы түрiк бiтiк жазуы
"Зүүн оройн өвөлжөө" (Ақ шоқы) түрік бітік мәтіні
"Гурвалжин уул" тауындағы түрiк бiтiк жазуы
Қара қату (Эрээн харганат) бұғытасындағы көне түрік мәтін
"Бага ойгор" (Кіші ойғыр) түрік бітік-жазуы
«Их бичигт» түрiк бiтiк жазуы
“Дэл уул” (Жалды тау) түрiк бiтiк жазуы.
“Шаахар толгой” (Шақ төбешiк) түрiк бiтiк жазуы
"Гурван мандал" (Ү­ш мандым) түрiк бiтiк жазуы
Байбалық қамалы
Өвөрхангай мұражайындағы тастың бетіндегі мәтін
«Өнгөт» ғұрыптық кешені
«Мухар» ғұрыптық кешені
"Даян нуур" ғұрыптық кешені мен бәдізі
"Өртеңбұлақ" көне түрік мәтіні
“Олон нуур” ғұрыптық кешені
"Ачит нуур" түрiк бiтiктасы
“Хөх хөтөл” түрiк бiтiк-жазуы
"Бигэр" жартастағы түрiк бiтiк жазуы
«Хөгнө Тарни» қорғаны мен бәдізі
"Цахир" жартастағы көне түрік жазулары
"Ямаан Ус" жартастағы «Ханан хад» көне түрік жазулары
"Зүрх уул" (Жүрек тауы) тауындағы түрік бітік мәтін
Налайхын бітігі
«Тэхтийн гол» жартасындағы көне түрік мәтіні
«Рашаан хад» жартасындағы көне түрік мәтіні
Хар-Салаа IV түрік бітік мәтіні
  «Их бичигт» түрiк бiтiк жазуы

«Их бичигт» түрiк бiтiк жазуы


"Их бичигт", "Их бичигт", "Бага бичигт"


Бұл ескерткiш Моңғолия, Дундговь аймағының Говь-Угтаал сұмыны(ауылы)-ның 2-ншi бақ(бөлiмше)-тағы “Их бичигт, Бага бичигт” (Ұлы бiтiктi, кiшi бiтiктi) деген жердегi жартаста бәдiзделген екен. Онда көне түрiк, ұйғыр бiтiгiмен қатар көне моңғолша, тибетше т.б. таңба сызықтарымен мол.

Табылған жерде.


Көне түрiк бiтiгi жартаста жерден 180 см биiкте жазылған. Жазудың астында көне ұйғырша екi сөз жазылған. Көне түрiк бiтiгi – 16 таңба-әрiптi . Жазудың ұзындығы 61 см. Таңба-әрiптiң мөлшерi 8 см. Бұдан екi таңбасы жазудың сол жақ үстiнде.


Осы ескерткiш туралы алғашқы хабарды жас ғалым Ц.Баттулга441 жариялады, және өзi барып жазудың фотосуретi мен қағаз-көшiрмесiн алып сол бойынша 1.qan 2. boz qan anci una baљi bitidim / - 1. Хан 2. Бoз хан ингэж зөвшөөрөөд / тохиролцоод/ эхлэн бичив би ( “Боз хан мен осылай ұйғарып жаза бастадым”) деп аударып топшылайды.

QAN: ХАН=ҚАН, қағаннан кейiнгi ұлық деген мәндi. Бұл сөз осы мәтiнге қатысты болмауы да мүмкiн. Өйткенi жазудың сол жағында “хан / қан” деп бөлек жазылғаны қаған немесе ханды құрметтегенi ме, әлде бұл жазуға байланыссыз ба деген сұрақ туындайды.

BUZ / ВOZ: “боз, ақ боз” деген мағынада қолданған деп божаймыз. Көне түрiк ескерткiштерiнде, мысалы Күлтегiн бiтiк-жазуында БАЗ ҚАҒАН442 ; Хангидай түрiк бiтiгiнде БАЗ ҚАҒАН 443 деген ат кездесетiнiне орай БАЗ ҚАН деуге ұқсас.

Бiздiң ойымызша, бұл БОЗ деген сөз келесi AQUNČI444 сөзiмен тiркескен. Сөйтiп, БОЗ АҚҰНЧЫ яғни Ақ боз атты алғашқы қол, ақ боз атты әскер басы деген мағынада болмақ. Жорық-соғыс кезiнде алдыңғы қатарда жүретiн ең таңдаулы, тыңшы әскер тобын АҚҰНЧЫ деген. Атты әскерлердi ат-жылқысының өң-түсiмен атауы байырғы дәстүр. Бәлкiм, бұл ретте ханның ақ боз атты онбасы .

ON BAŠI: Бiздiң пiкiрiмiзше, көне түрiктiк қол-шерiктер құрылымы мен оларды басқарушы жүйесi бойынша түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы. Осы ескерткiште ОНБАСЫ делiнген.

BITIDIM : Бiтiдiм, бәдiздедiм, жаздым.

Осы түрiк бiтiк-жазудың астында ек сөз ұйғыр жазуы мынадай:

TÖKÜS

TÜKE

Осы екi сөз “Төкүс Түке” деген кiсi аты болса керек.

1.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (1)
2.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (2)
3.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (3)
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.