Тарихи анықтама
Түрік Елінің батыс қанатының этностарына тән.
Ескерткіш аталуы
Жергілікті халық «Даян батырдың ескерткіші» деп атап кеткен. «Даян көлі ескерткіші».
Табылған жері мен cақтаулы жері
Баян-Өлгий аймағы Цэнгэл сұмыны «Даян нуур» көлінің оңтүстік шығыс тарапында (шекара заставының ішінде) орналасқан. Солтүстік ендік бойынша- N-48 ° 16' 063 '' ; шығыс бойлық бойынша- E- 088 ° 52 ' 982 '' . Теңіз деңгейінен биіктігі - 2241 м.
орнында
Ескерткіштің сипаттамасы
Онда 4х4 м төртбұрыш пішінді екі қорған бар. Оның оңтүстік шығыс тарапындағы қорғанда бір бәдіз , екінші тарапында сынтас орнатылған. Бәдіздің архитектуралық өлшемі: 160 х 35-39 х 18-19см
Ғылыми зерттеулері
Аталмыш бәдіз жайында алғаш рет Г.Н. Потанин482 сызба суретін жариялаған. 1960 жылдары моңғол археологы Н.Сэр-Оджав483 қысқаша хабарлама жарыққа шығарды. Ол бәдіздің кеуде тұсындағы тұмар іспетті затты христостын крест белгісі деп қарастырған.
Д. Баяр аталмыш бәдізді басқа жерлерде кездесетін бәдіздерден өзгеше де ерекше бітімді жасалынған, кеудесіндегі тұмары «христос» дінінің крестісі емес, қыран құсты қадірлейтін көшпелілердің ырым-жосындық символы деп қарастырады. 484
Моңғолия-АҚШ-Ресей бірлескен экспедициясы құрамының зерттеушілері Д. Кубарев, Д.Цэвээндорж Даян көлі ғұрыптық кешенінің жалпы сипаттамалары мен фотосуретін жариялаған . 485