TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Орхон аймағының ескерткіштері
«Шивээт Улаан» ғұрыптық кешені және таңбатасы
Татпар (Құтлық) қаған ғұрыптық кешені және бiтiктасы
Хүйіс Толгой ғұрыптық кешендері мен бітіктастары
Нири қаған ғұрыптық кешені мен бәдізі
Ел етміш (Білге атачым) Йабғұның ғұрыптық кешенi және бiтiктастары
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
Тұнық-ұқ ғұрыптық кешені және бiтiктасы
Күлі-чұр ғұрыптық кешені және бітіктасы
Алтын Тамған Тархан ғұрыптық кешені және бітіктасы
"Чойр" ғұрыптық кешені мен бәдіздегі мәтін
Күлтарханға арналған жартастағы мәтін
«Их Хануй көлi» ғұрыптық кешені және барықтағы мәтін
Ел Етмiш Бiлге қаған (Мойын-чұр) ғұрыптық кешенi және бітіктастары
Ел Етміш Білге қағанның (Тариат//Тэрх) екінші бітіктасы
«Тэсийн» бітіктасы
Орду-балық I (Қарабалғасұн I) бітіктасы
Орду-балық II (Қарабалғасұн II) бітіктасы
«Тэвш» бітіктасы
Қола мөрдегі жазу
Мыс тиындағы жазу
Тайхар жартастағы көне түрiк жазулары
Долоодойн бітіктасы
Сүүжийн бітіктасы
Сэврэй бітіктасы
«Дарви» жартас жазулары
Бөмбөгөр ғұрыптық кешені мен бітіктасы
“Зурийн овоо” жартастағы түрiк бiтiк жазуы
"Зүүн оройн өвөлжөө" (Ақ шоқы) түрік бітік мәтіні
"Гурвалжин уул" тауындағы түрiк бiтiк жазуы
Қара қату (Эрээн харганат) бұғытасындағы көне түрік мәтін
"Бага ойгор" (Кіші ойғыр) түрік бітік-жазуы
«Их бичигт» түрiк бiтiк жазуы
“Дэл уул” (Жалды тау) түрiк бiтiк жазуы.
“Шаахар толгой” (Шақ төбешiк) түрiк бiтiк жазуы
"Гурван мандал" (Ү­ш мандым) түрiк бiтiк жазуы
Байбалық қамалы
Өвөрхангай мұражайындағы тастың бетіндегі мәтін
«Өнгөт» ғұрыптық кешені
«Мухар» ғұрыптық кешені
"Даян нуур" ғұрыптық кешені мен бәдізі
"Өртеңбұлақ" көне түрік мәтіні
“Олон нуур” ғұрыптық кешені
"Ачит нуур" түрiк бiтiктасы
“Хөх хөтөл” түрiк бiтiк-жазуы
"Бигэр" жартастағы түрiк бiтiк жазуы
«Хөгнө Тарни» қорғаны мен бәдізі
"Цахир" жартастағы көне түрік жазулары
"Ямаан Ус" жартастағы «Ханан хад» көне түрік жазулары
"Зүрх уул" (Жүрек тауы) тауындағы түрік бітік мәтін
Налайхын бітігі
«Тэхтийн гол» жартасындағы көне түрік мәтіні
«Рашаан хад» жартасындағы көне түрік мәтіні
Хар-Салаа IV түрік бітік мәтіні
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Татпар (Құтлық) қаған ғұрыптық кешені және бiтiктасы
Анықтама Мәтін Сурет Сызба Өлшем

Татпар (Құтлық) қаған ғұрыптық кешені және бiтiктасы

581-582 жж.

Тарихи анықтама

581-582 ж.

көне түрік б.т.: Құтлық ; қыт.дерек: Та-по // Тобо ; соғды т.: Маға Татпар қаған74 . Татпар қағанның арғы тегі «ačïna» (көне моңғолша түріктерді čïna-w>чоно - қасқыр деген, ол атауды қытайлар мен согдылықтар осылайша ачына деп атаған) текті Бұмын қаған (ресми атағы «Ел қаған»; 552-599 жылдары билік еткен). Түрік Елін Бұмын қағаннан кейін ұлы Қара («Аю») қаған биледі. Одан кейін Қара қағанның iнiсi Мұқан («Түрік Күлік Ел ») қаған биледі. Татпар (Мақан тегін) Мұқанның інісі.

Татпар қаған 571-582 жылдары тақта отырып, билік жүргізген. Бұл дәуiрде Түрiк Елі манжұрия, эфталиттерді бағындырған, византия, сасанид, қытай-табғач мемлекеттерiмен саяси-дипломатиялық қатынас орнатып, олардан алым-салық алып тұрған «жiбек жолындағы» құдыреттi империяға айналды.

Қытай деректерінде Татпар қағанның буддизмді қолдағаны туралы мәлімет кездеседі.

Бітіктаста «Мұқан қаған», «Нивар қаған», «Маға Татпар қаған», «Маға Ұмна қаған», «Йарұқа», «Ұрқұпар Чұрачұ» деген есімдер аталады.

Ескерткіш аталуы

«Бугатын дурсгал»75 ( моң.т.: Бұғылы ескерткіші), «Бугутская стела», «Бұғыты киелі орны кешені», «Таспар қаған ескерткіш кешені», «Татпар қаған ескерткіш кешені және бітіктасы».

Табылған жері мен cақтаулы жері

Моңғолия, Архаңғай аймағы, Бұғыт /Их тамир/ сұмынынан 10 км батыста. Солтүстік ендік бойынша- 47º 49´; шығыс бойлық бойынша- 101º 16´.

Қорған, дуал қалдықтары мен балбал тастары және тағы басқалары табылған орнында, ал бітіктас оның тұғыры тасбақа Арханғай аймағы Цэцэрлэг қаласы өлкетану музейінің кіреберіс орталық алаңында орнатылған, бітіктастың үстіңгі бір сынық бөлшегі музей қоймасында сақтаулы тұр.

Ескерткіштің сипаттамасы

Қағандарға арналған «барық»-тардың бір түрінде дуал (40-50 м), ор-арық (ені 4-5 м, тереңдігі-2 м), ағаш бағаналы күмбез-шатыр, бітіктас, тас үйіндісі (7,5х7,5 м), балбалдардан (258-276 дана 300 м-ге дейін созылады) жасалынған. Сегiз ағаш бағаналы күмбез-шатырдың астында бітіктас орнатылған екен76 . Бітіктастың үстіңгі тұсында жалын күжiрейтiп басын иiп шапқалы тұрған бөрінің бейнесi бедерленіп бәдізделген. Бөрінің бас тұсы ғана сақталынып, тастың үстіңгі тұсының жартысы қырылып кеткен, оның бір сынық бөлшек тұсы сақтаулы. Ескерткiште еш бiр таңба қашалмаған, тек қана балбалда бір айрықша таңба кездеседі. Бітіктас тасбақа тұғырына орнатылған. Балбал тастардың саны 276- ден астам.

Екі тілдік ескерткіш тас. Сарғыш түстi құмдақ бітіктастың бет жағында (B-2, 19 жол) және оң, сол екi қапталында (B-1, 5 жол, B-3, 5 жол) көне соғды тілінде соғды жазулы, ал қарсы жақ бетiнде (B-4, 20 жол) брахми-ескі санкскрит жазулы (тілі белгісіз) мәтін 0,1-0,3 мм тереңдікте қашалған.

Ескерткіш өлшемі

Бiтiктастың биiктiгi - 198 см, енi- 70 м, қалыңдығы-20 см. Тасбақа тұғырының өлшемі: 92,5 х 58,5х 63 см.

Ғылыми зерттеулері

Ескерткішті 1956 ж. моңғол археологi Ц.Доржсүрэн тапқан. Ол ескерткіш кешенді тапқаны жайлы былай дейді: «Тас үйіндісінің шеңбері -8 м. Оның алдыңғы тұсында бітіктастың жартысы жерден қылтиып көрініп тұрды. Бітіктастың осы көрініп тұрған бөлігінің тең жартысы қырылып кеткен екен. Ал қалған бөлігінде аузын ашып иіліп тұрған барыс бейнесін бедерлеген. Бітіктастың оң қапталында, алдыңғы және сол қапталдарында ұйғыр жазуы бар. Ал арқа қапталында бұрын-соңды кездеспеген жазуы болды. Алғаш рет табылып отырған мұндай жазу бізді қызықтырады. Бұл Қыдан мемлекетінің кіші жазу ескерткіші болуы ықтимал. Дегенмен оның мән-жайы оны оқып, зерттеген соң белгілі болатын шығар». Ц.Доржсүрэн ескерткіш кешенді кезінде тонап кеткендіктен, онда зат бұйымдар болмай, бітіктастың астыңғы жағын қазғанда көркем жасалынған тасбақа табылғанын, ол тұғыр тасбақаның жонындағы ұңғысы бітіктастың сабымен сай келгенін және де тасбақаның басы 240 дана балбалдардың бағыты бойынша бағытталғанын айтады. Қазба жұмыстары барысында әу баста осы жерде сегіз ағаш бағаналы төбесі қыш кірпіштен жасалынған күмбез-шатыр орнатылғаны анықталды77 .

1960 ж. әйгілі моңғол археологы Н.Сэр-Оджав «Археологические памятники Монголии» ғылыми мақаласында осы бітіктасты «ұйғыр жазулы мәтін» деген пікір айтады78 . 1968 ж. академик Б.Ринчен осы бітіктастың мәтінін көне моңғол жазуы деген болжаммен «Corpus Scriptorum Mongolorum» атласына енгiзедi79 .

1969 ж. В.А.Лившиц, С.Г.Кляшторный көне соғды тiлiнде жазылғанын анықтады80 .

1982-1985 ж. Моңғолия-Кеңестік экспедиция мүшелері В.Е.Войтов, С.Г.Кляшторный, Г.Мэнэс, Т.Санжмятав, С.Қаржаубай және т.б.ғалымдар зерттеу жүргізді81 .

1996-1998 жылдары «Моңғолиядағы тарихи жазбалар мен ескерткіштер» атты Моңғолия-Жапония бірлескен экспедициясы зерттеді82 . Экспедиция құрамында көне соғды тілінің маманы, жапон ғалымы Ютака Йошида бітіктастың мәтінін егжей-тегжейлі зерттеп, эстампаждық толық нұсқаcы негізінде жаңадан аударды. Жапон ғалымы Ютака Йошиданың бұл аудармасы С.Г.Кляшторный мен В.А.Лившицтердің аудармасынан тарихи-деректанулық тұрғысынан мүлдем бөлек, жаңа тың зерттеу болып табылады.

1999 ж. «Моңғолиядағы тарихи мәдени ескерткіштері» ғылыми анықтамалықта фотосуреті мен қысқаша мағлұмат берілген83 .

2001 ж. «Моңғолиядағы Түрк ескерткіштері жобасының» альбомында Бұғыт бітіктасының фотосуреттері ғана жарық көрді84 .

Қазақстандық ғалымдар тарапынан 2001, 2002 және 2004 жылдары Бұғыт бітіктасының архитектуралық, археографикалық, тарихи-деректанулық зерттеулері жүргізілді85 .

Қосымша мәлімет

  Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - 45-50 б.

Толық мәтінді деректер
1.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (1)
2.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (2)
3.Баттулга Ц. Монголын руни бичгийн бага дурсгалууд. Улаанбаатар. - 2005 (3)
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.