Ескерткіш аталуы
Карбан
Табылған жері мен cақтаулы жері
Қарбан өзенінің сол жағалауында, Чемаль ауданының Құйыс ауылына қарама-қарсы, өзенге құйылатын сағаның жанына орналасқан жартаста қашалған.
Табылған орнында.
Ескерткіштің сипаттамасы
Көптеген петроглифтермен бірге жартастың бетіне қашалған.
Тігінен жазылған 17 таңбадан тұратын 1 жол.
Ескерткіш өлшемі
Жолдың ұзындығы - 20 см, таңба биіктігі - 2,5-3 см
Ғылыми зерттеулері
1988 ж В.Н. Елин мен В.И.Соёнов тауып519, сол жылы Е.П. Маточкин520 зерттеген. Сонымен қатар Кляшторный С.Г., Кызласов И.Л.522, Кочеев В.А. 523 ғылыми жұмыстарында атап көрсеткен. Мәтіндік зерттеуін Кляшторный С.Г., Маточкин Е.П. жасаған521.