Мендур-Соккон IV, Надпись из Бийского музея
Таулы Алтайдың Өс-Қан ауданындағы Меңдүр-Соққан ауылының маңындағы кішкентай территориядан табылған бірнеше бітіктің бірі. 1960 ж Б.Х.Кадиков Бийск өлкетану музейіне алып кеткен
Тігінен жазылған 11 таңбадан тұратын 1 жол мәтін. «Древнетюркский словарь» бойынша индексі - А 10. Бастапқыда ұзындығы 21 см, ені 12,3 см кішірек тастың бетіне қашалған.
К.Сейдакматов553 мәтінін оқымай бірінші болып баспаға шығарды. Сондағы жаңғыртпаны пайдаланып мәтінін кейінірек Э.Р.Тенишев551 оқыды. Мәтіндік зерттеуін Э.Р.Тенишев, И.Л.Кызласов554 жасады.
Бұл анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған.