Бар-Бургазы I
Қос-Ағаш ауылының оңтүстік шығысынан 35 км жердегі Бар-Бұрғазы өзенінің сол жағалауындағы Ақ-Қобы шатқалынан бітіктас табылған.
36 таңбадан тұратын мәтін тігінен 1 жолға 193 х 44 х 25 см болатын бітіктасқа жазылған.
Мәтін жолының ұзындығы 48 см, таңбалардың биіктігі 1,5-2,5 см аралығында.
1968 ж В.Д.Кубарев тапты. Кейіннен 1971 ж қайтадан Д.Г.Савинов тапты. Бірнеше мәрте В.М.Наделяев564, Д.Д.Васильев565, И.Л.Кызласов566, И.А.Невская, Л.Н.Тыбыкова және т.б. түрколог-ғалымдар зерттеді. Бұл анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған.