Кызыл-Кабак II
Бар-Бұрғазы өзенінің оң жағалауындағы Қызыл-Қабақ жартасының етегінде, Бар-Бұрғазы I, Бар-Бұрғазы II жазбалары табылған жерден шығысқа қарай 1,5-2 км жерде қашалған.
Ертеде қиратылған сланец стеланың бөліктері ретінде құрастырылған. Мәтін тігінен қашалған 2 жолдан тұрады. Кокоря ауылының музейінде сақтаулы.
Таңбалардың биіктігі 3-8 см аралығында.
2001 ж В.Д.Кубарев тапты. Ғылыми зерттеуін Г.В.Кубарев, С.Г.Кляшторный576 жасады. Бұл анықтама В.А.Кочеев523 еңбегінен алынған.