Ялбак-Таш XIV
Жалпақ-Тас тауы Чуй өзінінің оң жағалауында, Қатұнға құятын жеріне жақын орналасқан. Мәтін жазылған жартас Чуй трактысының үстінде Новосибирскден 721 км және Ташанты поселкесінен 215 км моңғолмен шекарада орналасқан.
Тігінен жазылған 80 см мәтін 40 таңбадан тұрады. Бастапқы таңбалар атыздап (1 мм дейін) қашалған, 10-таңбадан бастап тастың беті қотыр болғасын жұқа қашалғандықтан оқылмайды.
Мәтін жерден 18 см биіктікте, табиғат әсерінен тілшеленген тастың бетіне қашалған. Басында таңбалар үлкенірек (биіктігі 7 және 4,2-4,5 см аралығында), соңғы жағы (биіктігі орташа 2,5-3 см болып) майдаланып кеткен.
Жолдың ұзындығы 80 см, таңбалардың биіктігі 7 – 2,5-3 см аралығында.
1980 жазбаны Е.А.Окладникова байқаған. Ең алғаш В.М. Наделяев авторлық қолжазбасында жариялаған. Ғылыми зерттеуін Наделяев516 (73-75 б.), Кызыласов 517 (8-13 б.) жүргізген.
Наделяевтың аудармасы: «(Сказ)ал: "Земля -вечное бытиё! Облагодетельствуй дом (семью) лекаря-травника: пятикратно возьми жар бесовской болезни, подуй, изгони! Сотво¬ри благодать! Земля-Чернь!"».
Кызыласовтың аудармасы: Земля вечно была...