Ескерткіш аталуы
Ялбак-Таш XIII
Табылған жері мен cақтаулы жері
Бұл бітік Жалпақ-Тас III-тен XIII-ке дейін белгіленген бітіктерімен бірге Жалпақ-Тас, I жазықтық, жоғарғы топ деп аталатын бетке қашалған. Бітік көкке қарап тұрған жартастың бір басына қашалған.
Ескерткіштің сипаттамасы
Мәтін көлденең бір жол болып қашалған. Жолдың соңы иіліп жоғары кеткен. Таңбалар жұқа болып қашалған. Бастапқы 8 таңба ірі (биіктігі 4-3,8 см) болып, кейінгілері кішірейіп кеткен (биіктігі 3,5-2,6 см).
Ескерткіш өлшемі
Жолдың ұзындығы 18,5 см. Таңбалардың биіктігі 2,6-4 см.
Ғылыми зерттеулері
1987 ж В.Д.Кубарев581 тапқан. Мәтіндік зерттеуін И.Л.Кызласов578 жасады. Қараңыз: И.Л.Кызласов 517, В.А.Кочеев523.
Кызласовтың аудармасы: Его геройское имя – Греховный Йеген.