Ескерткіш аталуы
Ялбак-Таш XXX
Табылған жері мен cақтаулы жері
I жазықтықтың оңтүстігінде Жалпақ-Тас, II жазықтық деп аталатын жартастың бетіне қашалған. Бұл жазықтықта барлығы 3 жазба ескерткіш сақталған – Жалпақ тас II, XV, XXX. Бұл тігіннен қашалған жазба XV оң жағында.
Ескерткіштің сипаттамасы
Жерден 58 см биіктікте. 11 таңбадан тұрады. Таңбалар анық қашалған, бірақ жазбаның әр жерін кейінен шұқылап құртқан. 7-9 таңбаларды оқу мүмкін емес. 4-таңба да құртылған.
Ескерткіш өлшемі
Жолдың ұзындығы 15,8 см, таңбалардың биіктігі – 2,5 см.
Ғылыми зерттеулері
1994 ж И.Л.Кызласов517 тауып, жаңғыртпасы мен транслитерациясын ұсынды. Мәтін оқылмаған. Қараңыз: В.А.Кочеев523.