Ялбак-Таш XXIX
Мәтін Жалпақ-тас, III жазықтық деп аталып XVII-ден XXIX-ға дейін таңбаланған жазба ескерткіштерінің арасында. Жартастың үшінші қабатындағы мәтіндердің бәрінен жоғары, жартас жазығының сол бұрышында орналасқан. Жазба III жазықтықтың жоғарғы қабатының оң жағында.
Мәтін көлбеу, сол жағы көтеріңкі жазылған. Жолдың соңғы жағы кейінгі тастың бетіне қашалған жазулардан көрінбей қалған. Таңбалардың өлшеміне, бір-бірінен ара қашықтығына қарағанда, құртылған жерде 2 таңба болуы керек. Жолда барлығы 11 таңба бар.
Жолдың ұзындығы 15 см. Таңбалардың биіктігі 2,8-3,5 см.
И.Л.Кызласов578 1994 ж тапқан. Қараңыз: И.Л.Кызласов517, В.А.Кочеев523.
Кызласовтың аудармасы: Относящийся к монастырской общине (?) ..., снизойди (Боже)!