қазрусeng
:
:
Ферғанадан табылған қыштардағы жазу
Ферғанадан табылған қола жүзіктегі мәтін
Соғды құжатындағы түрік бітік мәтіні
  Соғды құжатындағы түрік бітік мәтіні

Соғды құжатындағы түрік бітік мәтіні

VIII-X ғ


"Древнетюркский документ из Согда"


Тәжікстандағы Захматабад ауданының Мүк тауынан табылған соғды құжаттарының арасынан шыққан.

Сақтаулы жері белгісіз.


Сұр түсті жұқа тері. Бетіне мәтін сиямен терінің үштен бір бөлігіне жазылған. Тері әр жерден тесілген, бетіндегі мәтіннің сиясы өшкен жерлері көп.

6 жол мәтін жазылған.


Ені – 14 см, биіктігі – 10 см.


1934 ж. А.А.Фрейман626 бастаған Кеңес одағының Ғылым академиясы жүргізген экспедиция тапқан. А.Н. Бернштам627 мәтіндік зерттеуін жасаған .

Бернштамның аудармасы:

1. «Расписка (вар. «я пишу») ... Удун: семьдесят ... моих десять мясных красно-желтых лошадей (вар. «моих табунов»)... там

2. Народ................................ правильно говоря: имущество ... свежее (вар. «молодое») мясо пятнистых ... другие сообщинники

3. ................................................................................................................

4. ......................... щеки пришли в упадок (вар. «похудели») .................

5. ......................................................................................................верно

6. Пяндж(икет) ...»

1.Бернштам А.Н. Древнетюркский документ из Согда (Предварительное сообщение). //Эпиграфика Востока, т. V, 1951.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.

 

қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.