Чаа-Холь VI, Е 18 515
Ұлық-Кемнің сол ағысы бойынша, Кемчик өзенінің сағасынан 25 км жоғарыда орналасқан Чаа-қол өзені маңындағы жазықтан бір топ бітіктастар табылған. Қазіргі уақытта ол жер Саян-Шушенск ГЭС-інің су қоймасының астында қалған. Аталмыш топ ескерткіш, Е 15-тен басқасы музейлерде сақтаулы.
Бұл бітіктастың табылған жері Ұлық-Кемнiң сол ағысы бойынша Чаа-Қол сағасынан 8 км жерде.
1961 ж Тува музейі мен ТНИИЯЛИ қызметкерлері ескерткішті Тува музейіне әкелген.
Тува Музейiнде сақтаулы.
Бітіктас жасыл сұр сланец тастан жасалған. Көлденең қимасында сопақша дөңгелек болып келген. Беті нашар тегістелген. Тастың бетінде жырықтар көп, желдің әсерінен едәуір қираған.
5 жол мәтін бітіктастың екі қапталында тігінен қашалған. 1-4 жолдар солдан оңға қарай оқылса, 5 жол оңнан солға қарай оқылады. 1-4 жолдарда керісінше қашалған таңба-графемалар бар.
Биіктігі – 98 см, ұзындығы – 39 см, ені – 16 см
Сафьяновтың сілтеуімен 1888 ж Аспелин тапқан. 1889 ж Хейкел фотоға түсірген.121 1891 ж Ошурков эстампажын жасап, Радловқа тапсырған. Радлов осы стеланы "Бірінші Чаа-Қол ескерткішінің" маңынан табылған деп жазады, бірақ сілтемесінде "екінші" - UTsch. I (қ. Индекс) екені көрініп тұр 122. Бұл Радловтың UTsch. VI ескерткішіне берген сілтемесімен расталады. Кейінгі зерттеулерде Е 18 ескерткіші Чаа-Қол I (e-I) маңынан табылды деген қате тұжырым жасалған.