Чаа-Холь IX, Е 21, Стела Кызыльского собрания 515
Ұлық-Кемнің сол ағысы бойынша, Кемчик өзенінің сағасынан 25 км жоғарыда орналасқан Чаа-қол өзені маңындағы жазықтан бір топ бітіктастар табылған. Қазіргі уақытта ол жер Саян-Шушенск ГЭС-інің су қоймасының астында қалған. Аталмыш топ ескерткіш, Е 15-тен басқасы музейлерде сақтаулы.
Бұл бітіктастың табылған жері Ұлық-Кемнiң сол ағысы бойынша Чаа-Қол сағасынан 8 км жерде.
Бітіктасты Қызылдағы СТЭАН-ға алып келген. 1973 ж Тува музейіне әкелінді, инв. №28.
Қисық келген жасыл сұр сланец тастан жасалған. Беті жақсы тегістелмеген. Қырдың ізі бар. Бітіктас екіге бөлініп кеткен. Біраз дерлік қираған. Сондықтан бітік оқу қиынға соғады. 1978 ж "Қызыл жинағының стеласы" деген атпен жарияланған.
3 жолдан тұратын мәтін. Спираль түрінде ескерткішті тігінен жазылған. 1 және 2 жолдары сақталған. 3 жол бұрынғы басылымдарға сүйеніп оқылады. Бітіктің төменгі жағында таңба қашалған.
Биіктігі - 236 см, ені - 38 см, қалыңдығы - 17
Сафьяновтың сілтеуімен 1888 ж Аспелин тапқан. 1889 ж Гейкел фотоға түсірген 121. Зерттеулер көбіне осы басылымға сүйенеді. Мәтіндік зерттеуін С.Е.Малов, H.N.Orkun, Д.Д.Васильев және т.б. жасаған.