VIII-IX ғ
«Алтын көл ескерткіші»
Абақан өзені оң жағалауы Алтын көл деген жерде орнатылған.
1881 ж. Мартьянов Минусинск музейіне әкелген. ММ, инв № 27
Алтын көлдегі қорғандардың ішінде бір-біріне ұқсас екі бітіктас орнатылған екен (е-29).
Қызыл құмдақтастан жасалынған. Төбе тұсы доғалақтау етіліп жасалынған. Бір қапталы және екі қыры барлығы 9 жол мәтін қашалған. Таңба қашалмаған.
биіктігі - 1,38 м, ені - 0,35-0,43 м, қалыңдығы - 0,19 м.
1878 ж. табылған. В.В.Радлов, Х.Н.Орхун, С.Е.Малов, О.В.Субракова, И.А.Батманов, С.Г.Кляшторный, Р.Ф.Тарасенко және т.б. ғалымдар зерттеген.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.182.