VIII-IX ғ
«Барық ескерткіштері», «Барық үшінші ескерткіштері»
Барық өзенінің шығыс жағалауында Ийи-тал ауылынан 11 шақырым оңтүстіктегі төбешіктерде айналасындағы 6 ұстынтас ескерткіштерінің бірі.
Тува музейінде сақтаулы.
Көне түрік дәуірінікі
Қызыл қоңыр құмдақ тастан жасалынған. Бітіктастың бетінде барлығы 4 жол мәтін қашалған. «Бақан» секілді таңба төмеңгі тұсында қашалған.
биіктігі - 1,57 м, ені - 0,58-0,64 м, қалыңдығы - 0,12-0,18 м.
1891 ж. Д.А.Клеменц алғаш тапқан. 1961 ж. И.А.Батманов тарапынан қайтадан тексеріліп Тува музейіне әкелінген.
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.176.