қазрусeng
:
:
Қойтүбек көне түрік мәтіні
Есік қорғанынан табылған тостағандағы жазу
Үржардан табылған қытай қола айнадағы түрік бітік мәтіні
Ертiстен табылған қола айнадағы түрік бітік мәтіні
Ақтөбеден табылған қола айнадағы мәтін
Жұбан төбеден табылған тас құралдағы мәтін
Қозы-Көрпеш – Баян сұлу дыңы
  Қозы-Көрпеш – Баян сұлу дыңы

Қозы-Көрпеш – Баян сұлу дыңы


Қозы-Көрпеш – Баян сұлу дыңы Таңсық ауылының қасында, Аягөз өзенінің оң жағасында, биік дөңнің үстінде орналасқан. N 47´17´38,5 ЕO 79´42´12,7


Ескерткіштің шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік жағын ала тастан үйілген обалар орын тепкен.

Қозы-Көрпеш – Баян сұлу дыңының пішіні төртбұрышты түрде келген.

Есігі шығысқа қаратылған. Дыңның қабырғалары төрт тарапқа қараған.

Дыңның ішінде екі саркофаг бой көтерген. Бұл де кейінгі жөндей жұмыстары барысында қосылған құрылыс. Ескерткіш табиғи тастан қаланған. Оңтүстік қабырғасында, жерден 3 метрдей биіктікте терезе ойығы қалдырылған. Бұл ойық, сірә кейінгі күрделі жөндеу барысында орын алған болуы керек. О баста құрылыста терезе болмаған.


Төменгі іргесінің өлшемі: 7,60х 7,50 м. Биіктігі 11 м жуық. Іргесі 1 метрге жуық тік көтеріліп, одан әрі жоғары қарай сүйірлене береді. Есігінің биіктігі 2,15 м, ені 87 см. Босағадан байқалатын қабырғаның қалыңдығы 2,10 м. Ескерткіштің ішкі қабырғасыныңда өлшемдері теңбе-тең. Яғни, төменгі жағында 3,20х3,20 м. Ішкі қабырғаның бұрыштары 1,70 метрге дейін тік көтеріліп, одан кейін біртіндеп ішке қарай шығарыла қаланып, 1 м биіктегеннен кейін дөңгелектене өрілген. Дыңның 2 күмбезі бар екені байқалады. Ішкі күмбезі небары 6 м биіктікте ұштасқан.


Ескерткішті әртүрлі жылдары А.Диваев, П.Семенов-Тяньшанский, В.Радлов, Ш.Уәлиханов486 зерттеген.

Арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарын 1858 ж. Н.А.Абрамов, 1898 ж. Н.Н.Пантусов, 1952 ж. Ә.Марғұлан487 басқарған Қазақ ССР ғылым академиясының экспедициясы жүргізген.


  Терезенің дәл астында көне түрік жазуы тәріздес таңбалар бейнеленген. Бұрыннан қалған, әлде кейінде біреудің әдейі қашап жазғаны екені белгісіз. Н.Базылханның пайымдайуынша бұл жазуды XX ғ ортасында Ғ.Айдаров "Айдар ұғлы" деп қалдырған болуы керек. Дәл осы қолмен жазылған "Айдар : ұғлы : Ғ" деген жазу Алматы қаласынан 120 км Іле бойындағы "Тамғалытас" аталатын будда бейнелері салынған тастың маңында қашалған.

Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.