Көне түрік тілінде tar- «тарату, таралу, бос болу» деген мағыналы түбірге tar+qa+n> tarqan яғни «еркі құқығы зор тұлға», көне моңғол тілінде tar-// dar- > darqa, darqan, darqalaqu- «ерікті, қорғалған, қорғаулы тиісті, қорғауға алынған» деген мағыналы сөздермен тікелей байланысты қалптасқан атақ. Сонымен қатар моңғолша targan> тарган «семіз, толық» деген сөзбен де қатысты атау болмақ. аталмыш сөздердің семантикасымен қарастырсақ тархан деген «ешкім тисуге болмайтын, ерікті де құқықты» әскери қолбасшылар, саяси әкімшіліктегі ерекше қызметтердегі басшыларды осылай атады. |