Көне түрікше «заман, уақыт, мерзім» дегенді білдірген. Қазіргі моңғол тілінде «өдгөө, эдүгэ, одоо» (қазіргі заман қазір) деген мағынасы сақталынған. Түрік, моңғол тілдерінде öd- // öt - > өд -// өт- түбірден «уақыт, мерзім, заман, уақыт өту, мерзім болу» деген семантикалық өрісті білдіретін сөздер туындаған. |