Ордұ-балық (Қара балық?). VII-XI ғасыр. Түрік Елі мен Ұйғыр қағандығының астанасы Ордұ-балық қаласы (жергiлiктi халық: Хар балгас (Қара қалашық), Хан балык деп атайды). N- 47 º23´; E- 102º28´. Қазіргі Моңғолияның Арханғай аймағы Хотонт сұмынының оңтүстiгiнде орналасқан. Қаланың нақты атауы жайында үзілді-кесілді тарихи жазба деректер жоқ. Оның не себептен «Хан-балық , Балықлық , Орды-балық, Қара балғасұн, Хар-балгас» аталғаны анық емес.
| |
|
Орды-балық қаласы. Әуефотосурет. 2007 ж. |
Дегенмен де моңғолша Хар-балгас < Qara balgasun деп аталуына қарағанда бұл қаланың тарихи атауы Qara balіq > Қара-балық болу керек. Өйткені көне түрік дәуірінің жер-су атаулардың басым көпшілігі моңғол тілінде, жергілікті халықтың атауында да сол қалпында дерлік сақталынып келген. Зерттешілердің басым көпшілігі осы қаланы Ұйғыр қағандығы дәуірінде салынған , ұйғырлардың ордалық бас қаласы деп есептейді. Сол себептен де Qan balіq > Хан балық, Balіqlіq> Балықлық, Ordu balïq > Орды балық, Хар-балгасун деген секілді әр түрлі нұсқаларда жаңғыртып қарастырады.