«Төрт бұрыш, төрт жақ, төрт тарап» деген сөз. Көне түріктерде жердің төрт жағы. Көне моңғол тілінде buluŋ «бұрыш, жақ» мағынасында. Көне түріктердің дәстүрінде киіз үйдің есігі күншығысқа қаратылады. Сол сияқты жер тараптың бағыттарын адам өз бетімен күншығысқа қарау тұрғысынан атаған. Сондықтан «өңір жақ, ілгері» дегені күншығыс, ал «берійе, берігерү» - дегені оң қол жақ – оңтүстік, «йырыйа, йрығарұ» дегені сол қол жақ –солтүстік , «құрығарұ» дегені арқа тұсы, күн батыс яғни түн орталық жақ деп есептеген. Демек қазақ тілінде киіздің үйдің оң жағы, оңтүстік, киіз үйдің сол жағы, солтүстік деп атағаны дәл осы байырғы танымның сарқыншағы. |