«Түрік» этноним атауы. «Түрiк» сөзi көне түрiк бiтiктастары мен ескерткіштерінде «түрүк, төрүк» жазылған. Бұл сөздiң мағынасы сол дәуiрлердегi қолданыстық мәнi яғни түрү+к, төрү+к құрамды «төре заңы бар ел, төрелiк, билiктi ел» деген рәміздік-нышандық негізінде қалыптасқан атау болса керек. Қайткен күнде де этносаяси бірлестіктердің басын құрушы тайпа, одақтар бір мәмлеге келіп, осы атауға тоқталғаны анық. Бір сөзбен айтқанда, аталмыш «түрік» атауы этнополитоним яғни этносаяси атау. Зерттеушiлер түрік сөзінің шығу тегін «берiк, мықты, күштi», «семiз», «туу», « төркiн», «дулыға», «төр, төр жақ», «бастапқы» және т.б. мағыналы сөздерден туындаған деп жорамалдайды. |