Тарихи анықтама
VIII-X ғ
Ескерткіш аталуы
«Талас өзені бойындағы ескерткіштері», «Талас руникалық ескерткіштері», «№11 ескерткіші»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Талас қаласынан (бұрыңғы Әулие –Ата уезді, Дмитриевский қалашығы) 8 шақырым шығыс-оңтүстіктегі Айр-Там-Ой (Қырық-Қазық) деген жерден табылған.
Қырғызстан, Бішкек қаласындағы Мемлекеттік тарих музейінде сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Сұр құмдақ тастан жасалынған. Тастың үстіңгі бетінде 3 (4?) жол мәтін қашалған. Алайда жазулары өте өшіп кеткен.
Ескерткіш өлшемі
90х60х47 см.
Ғылыми зерттеулері
1962 ж. П.Н.Кожемяко тапқан. Одан кейін Қырғызстан ғалымдары Д.Ф.Винник, У.Асаналиев, К.Аширалев, Ч.Жумагулов қайталап зерттеу жүргізді. И.А.Батманов 380 , Ч.Жумагулов 381 бітіктастың тым өшіп кеткен мәтініне байланысты тек қана фотосуреті беріліп келеді.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.234.