Ескерткіш аталуы
MIK III 34
Табылған жері мен cақтаулы жері
Шығыс Түркістан. Екінші Прусс Тұрпан экспедициясында (Zweite Preußische Turfanexpedition 410) жүргізілген қазба жұмыстарында табылған.
Үнді музейінде (Берлин, Германия) сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Қолжазба бетінің ортаңғы бөлігі.
Көне түрікше, артқы жағы қытайша.
Қатты, сарғыш сұр, аздап талшықты қағаз.
Алдыңғы жағында 3 жол көне түрікше.
Ескерткіш өлшемі
Әр жолдың арасы: 0,8 см.
10,3 см (биіктігі) x 6,8 см (ені).
Ғылыми зерттеулері
Бұл бөлік манихей жазбаларына қатысты деп есептелінеді, ал MIK картотекасының карточкасында «Тойоктан екітілді сөздік» деп аталатын сөздікке жатады делінген 408. В.Радлов 530 бұл әліпби деп есептейді.