Ескерткіш аталуы
«Ертіс руникасының үлгілері», «Үржар қола айнасындағы руникалық жазу»
Табылған жері мен cақтаулы жері
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданынан 20 шақырымда Сасықбастау ауылына жақын жердегі көне түрік қорғанынан табылған.
Ресей, Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы. Инв. № CA 16145. Сақтаушысы А.Торгоев.
Ескерткіштің сипаттамасы
Қола айнаның жиегi мен iшкі шеңберінде дөңгелене үшкiр темiр затпен қашалып 2 жол мәтін жазылған.
1-ншi жолда - 1 таңба, 2-ншi жолда – 14 таңба. Таңба-әрiптердiң биiктiгi – 1.2-1.5 см.
Ескерткіш өлшемі
Қола айнаның шеңберi 13 см.
Ғылыми зерттеулері
1935 ж. Қазақстан зерттеу қоғамы тапқан. Алғашқы мәліметті А.Н. Бернштам466 жариялады. Мәтіндік зерттеуін А.С. Аманжолов467 жүргізді.
Қосымша мәлімет
Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.240.