Ескерткіш аталуы
MIK III 35
Табылған жері мен cақтаулы жері
Үнді музейінде (Берлин, Германия) сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
Кітапшаның бөлігі.
Көне түрікше.
Қатты, ашық сарғыш түсті қағаз.
Жолдар саны: алдыңғы жағында 12 жол және тақырып; артқы жағында 9 жол және тақырып.
Мәтіннің ішкі шекарасынан тігінен сұр сызық жүргізілген. Қоснүкте белгісін қызыл түспен қоршаған. Алдыңғы жақтың 3-5 жолдары, артқы жақтың 4-жолы қызыл түсті. Артқы жақтағы тақырып көк түсті; 4-5-жолдардағы таңбалар кішірек; 3 және 4 жолдар арасында ашық орын бар.
Ескерткіш өлшемі
Әр жолдың арасы: тақырып пен бірінші жолдың арасы 1,3 см; алдыңғы жақтың 3-5-жолдарының арасы 0,5 см; қалғандары 0,8 см.
12,0 см (биіктігі) x 7,5 см (ені).
Ғылыми зерттеулері
Л.Кларктың 422 айтуы бойынша, бұл бөлік «Екітілді гимн (парсы-түрік)» деп аталатын гимннен үзінді болуы мүмкін, В.Радлов 530 дұғалық деп санайды. Сонымен қатар А.Ле Кок 425 зерттеу жүргізген.