Ескерткіш аталуы
Оттук Даштың екінші ескерткіші 504, Е-54, Оттук Даш III 515
Табылған жері мен cақтаулы жері
Үш түрік бітік қашалған сұр құмдақтас Улуг-Кем өзенінің сол жағалауындағы Оттук-Даш тауының маңынан Элегест өзенінің сағасынан 30 км төмен жерден табылды.
Бітіктасты Тува музейі мен ТНИИЯЛИ қызметкерлері Тува музейіне алып келген.
Тува музейінде сақтаулы.
Ескерткіштің сипаттамасы
1 жол мәтін кеңінен атыздалып шамамен 10 таңба арқылы қашалған. Тастың бір бетіне ұзына бойы жазылған.
Өңделмеген төртбұрышты құлпы тас. Төбесі қираған. Үстін минералды қабат басқан.
Ескерткіш өлшемі
100 х 27 х 25 см
Ғылыми зерттеулері
1961 жылы табылған. Кызласов Л.Р. 506 табылғаны туралы деректерді хабарлаған. И.А.Батманов, Кунаа А.Ч., З.Б.Арагачи, Г.Ф.Бабушкин 502 және т.б. ғалымдар зерттеген. Қараңыз: ДТС 505.