Тарихи анықтама
VII ғасыр. Құмырадағы жазумен қатар табылған тиындарда «қаған» деген жазу мен (Соғды және Шаш билеушілерінен етене бөлек) Ферғана билік иелерінің таңбасы болған.
Табылған жері мен cақтаулы жері
1964 жылы Ферғана облысындағы Құба(Кува) қалашығының солтүстігіндегі кішкентай төбеден табылған.
Сақтаулы жері белгісіз.
Ескерткіштің сипаттамасы
Жазу жиегіне жұқа таяқпен құмыра күйдірілмей тұрған кезде жазылған. Бұрынырақ табылған Ошхон (Ферғана ауданы) қорғаны мен Қалайы-Бала (Исфара ауданы) жазуларына ұқсас 612.
Барлығы 11 таңба, сегіз және үш таңба ортасында бір нүкте тәрізді белгімен бөлінген. Сегіз таңбалы жолдың басы мен үш таңбалы жолдың соңы жоқ.
Ескерткіш өлшемі
Белгісіз
Ғылыми зерттеулері
А.В.Булатова 1965 жылы жариялаған 611. 1973 жылы Э.Р. Тенишев пен В. Булатова 616 оқылуын зерттеген.