Ескерткіш аталуы
Ялбак-Таш XVII
Табылған жері мен cақтаулы жері
Мәтін Жалпақ-тас, III жазықтық деп аталып XVII-ден XXIX-ға дейін таңбаланған жазба ескерткіштерінің арасында. Бұл жазықтықта барлығы 13 жазба ескерткіш бар. Жазықтық таудың етегінен 2,5 метр биіктікте. Бұрын бұл жартастың астында үлкен жалпақ тас жатқан. Жолды кеңейтіп салу жұмыстары кезінде ол тасты жарып жоғалтқан. Сондықтан жартастың бетіне жақындау үшін үстінен жіппен салбырап түсу керек болып қалған. Жартастың беті трапеция сияқты, биіктігі 155 см, төменгі табаны 115 см, жоғарғы жағы 68 см дейін үшкірленген.
Ескерткіштің сипаттамасы
Тігінен жазылған 9 таңбадан тұратын 1 жол. Таңбалар анық төменнен жоғаны жазылған. Бастапқы таңбалар биіктігі 3,2-3,5, кейінгі 4 таңба 5,1-3,7 см болып тұр.
Ескерткіш өлшемі
Жолдың ұзындығы 117,1 см, таңбалардың биіктігі 3,2-5,1 см.
Ғылыми зерттеулері
В.Д.Кубарев 1987 ж 582 тапқан. И.Л.Кызласов578 мәтіндік зерттеуін жасады. Мәтін оқылмаған. Қараңыз: И.Л.Кызласов517, В.Д.Кубарев581, В.А.Кочеев523.