Iздеген сөз дер 140 жерде кездесті |
---|
|
|
4 | <В-2: 2-5> Сөйтіп..... қарай ....... Маға Тат(+пар қағанның тегін)+ дері, шад апаттары, тархандары, құрықпандары, тұдұндары ... дары .... (Татпар қағанға бүй депті): «Сенің ағаң болған Мұқан қаған қайтыс болды. Ол ... жеті жұртты (әлемді) биледі, халықты бай қылды ... Қазір сен де тағы Тәңірден жаралған Маға Татпар қаған да (билеуші болып, сөйтіп) жеті жұртты билеп, халықты бай қылып... ) » .... |
8 | <В-2: 10-14> (Жарлықты ескерткіш тас) ..... орнату кезінде Тәңірден жаралған Маға Татпар қағанның тегіндері де, немерелері де, шөберелері де, ... шад апаттары да, құрықпандары да, туған-туыстары да, халқы да ... (оған) ... атқа мінер жауынгерлер барлығы 7 күн .... жасаған кезде ... ол..... өлтірді. |
|
12 | үстi(-iңгi): Тәңірi: хан: ұлу: жылғы: жетiншi ай: күшті: алып қағаным(нан): айырыла: бардыңыз: Бiлге: Атачым: жоқтауын: алқалығын: қаз(бала)дым (қаз тұрғыздым): су жер: Тәңірi: өт(-ер шақ) ...ч: екi едер: едi:
|
|
22 | сонша: қаз тұрғызған: еткен: еліміз: төре(лігі)міз: еді: Түрік: Оғыз: бектері бүтін (халық): естің(дер): Үсті Тәңірі: баспаса: Асты Жер: тілінбесе: Түрік: бүтін(халық): Елін: төресін: кім: артқызады(күшейтеді): /...Түрік: бүтін (халық): еді.../
|
|
10 | жоқ: шығай: бүтін (халық)ты: көп: құбылттым: шығай: бүтін (халық)ты: бай қылдым: неше бүтін (халық)ты: ұлғайта қылдым: айту бір ауыз бұ сап сөзімді: игі бар ғой: Түрік: бектер: бүтін (халық): бұны: естіңдер: Түрік бүтін (халық)н теріп: Ел тұтсақ оны: бұнда: ұрдым: жаңылып: өлерсің: және: |
11 | бұнда: ұрдым: не ненің: сап сөзім: болса: мәңгі: тасқа: ұрдым: содан көре: біліңдер: Түрік енді: бүтін (халық): бектер: бұ өтерге: көруші:бектер ше: жаңылғандарың: мен: м/әңгі тасқа: ұрдым/ Табғач-қытай:қағанда: бәдізші: келтірдім: бәдіздеттім: менің: сөз саптауымды: сыйдырды: |
12 | Табғач-қытай: қағанның: ішкі: бәдізшіcі: «ытып» қатысты: оларға: ажарлы барық: жараттырдым: ішіне: тысына: ажарлы: бәдіз: ұрғыздым: тас тоқытдым: көңілдегі сап-сөзімді: / ол тасқа ұрғыздым: Он оқ ұлыңа:/ ат аттарыңа: тие: көр(іп): білің(дер). мәңгі тас: тоқытдым: |
13 | бұ ерді: жер: отқа: ер ерді жерде: болса екен: ерді жерде: мәңгі тас: тоқытдым: бітікледім (жаздым): оны көріп: сонша білің(дер): ол тасқа: /тоқытдым/: бұ бітік: бітікдеуші: аталығы: Йолығте/гін/: |
|
18 | Кеңү Тарбанға: тие: Түрік: бүтін (халық)ы: сонша: құндақтадымыз: сонша еттік біз: ол шақта (өтерге): құл: құлдық: болған: күң: күңдік: болған: еді: інісі: атасын: білмес: еді: ұлы: әкесін: білмес: еді: сонша: қаз тұрғызған: сонша: еткен: Еліміз: ( төре(лігі)міз: еді: Түрік: Оғыз: бектері:)бүтін (халық): естіңдер: Үсті Тәңірі: баспаса: Асты Жер: тілінбесе:
|
30 | нақты: тигендері: үшін: жау болды: бір жылға: төрт: жолы: сүңгілесдім: ең ілкі: Тоғұ Балықда: сүңгілесдім: Тоғұла: өзенді: жүзді: кешіп: сүңгі келді: екінті: Антарғұда: сүңгілесдім: сүңгісін: шанышдым: үшінші: ... сүңгілесдім: Түрік: бүтін (халық): aдақ Қамышда: жабыраңқы (жаман):
|
|
8 | сап сөзімді: игі бар ғой: Түрік: бектер: бүтін (халық): бұны: естіңдер: Түрік бүтін (халық)н теріп: Ел тұтсақтың: бұнда: ұрдым: жаңылып: өлерсің: және: бұнда: ұрдым: не ненің: сап сөзім: болса: мәңгі: тасқа: ұрдым: оны көре: біліңдер: Түрік енді: бүтін (халық): бектер: бұ өтерге(шаққа): көруші: бектер ше: жаңылғандарсың: мен: м/әңгі тас: ұрдым/
|
15 | Он оқ: ұлына: жатыңа: тегі (дейін): мұны: көре: біліңдер: тас тоқытдым: ...жерде...
|
|
9 | көрiк-елші: сөзiнде: Тоғұз Оғұз:бүтін (халық): үстi: қаған: отырды: дер: Табғачқа қарай: Құны Сеңгүндi: итерген: Қытан қарай: Тоңра Семiк: итерген: сөз сонша итерген: аз ғана: Түрiк
|
33 | Үш көрүг-елші кiсi: келдi: сап-сөзi: бiр: қағаны сүңгілі-әскерi аттанды: Он оқ сүңгілісі: қалмай: аттанды: дер: Йарыш жазықта: терiлiп жиналамыз дедi: ол сап-сөздi естiп: қағанға қарай: ол сап-сөздi: жөнелттiм: Қайтадан (?) сап-сөздi: және ...
|
|
2 | Иесіз (қалған): Еліме: ханшайыма:ұлыма: бүтін (халық)ыма:иесіз/дер/: +іме: алтпыс: жасымда:
|
|
6 | Ағайыным: Төлбері: қара: бүтін (халық): Күлік: немере ағайыным: иесізіме:Елшім ер: Өгүш ер: Оғұлан ер: күйеулерім: қыз: келіндерім: бөгеле алмадым:
|
|
1 | Тен Cимін (Тәңірі ұлы, яғни Қытай императоры)! Ертелі-кешке алтын тақтың үстінде отырып қуанармын. Сонша біліңдер: игі ол! |
2 | Ала атты жол Тәңірімін! Ертелі-кешке жүрермін. Басқа екі айлық кісі ұлына кезікті (соғысыпты). Кісі қорықты. Қорықпа депті. Құт беремін депті. Сонша біліңдер: игі ол! |
3 | Алтын қанатты қыран қара құспын. Тәнім түсі дағы түгеспейді. Теңізде жатып таңдағанымды ұстап мен, сүйгенімді жермін. Соншалықты күштімін. Сонша біліңдер: игі ол. |
4 | Ақшыл боз түсті сұңқар құспын мен. Чынтан ағаш үстіне отырып қуанармын мен. Сонша біліңдер. |
5 | Бек ер жылқы үйіріне барыпты. Ақ биесі құлындаған. Алтын тұяқты айғыр жарағай. Түйесіне барыпты. Ақшыл боз інген боталаған. Алтын мұрындықты бура жарағай. Үйіне қарай келген екен. Үшінші ханшайым ұл тауыпты. Бектікке жарағай дер. Мықты бек екен. Онысы игі ол! |
6 | Аюлы доңызды (екеуі) өткел үстінде кезіккен (соғысқан) екен. Аюдың қарыны жарылған. Доңыздың азуы сынған дер. Сонша біліңдер: жаман ол! |
7 | Ер асығыс келер, игі сап-сөз ала келер дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
8 | Алтын басты жыланмын. Алтын құрсағымды қылышпен кескенде өзім жұлындым. Жұлынған басым үйде дер. Сонша біліңдер: жаман ол! |
9 | Ұлық үй өртенді. Түбіне дейін қалмады. Төбе қабатына дейін күйді дер. Сонша біліңдер! Жаман ол! |
10 | Есінеген барыспын. Қамыс арасында басым сонша алып менің. Ерден мен. Сонша біліңдер! |
11 | Сары атты сап-сөзшісі, бос атты елшісі игі сап-сөз ертіп келер дер. Сонша біліңдер! Жаман игі ол! |
12 | Ер аңға барған екен. Тауда қам-бақсылық жасаған екен. Тәңіріде ерік дер. Сонша біліңдер! Жаман ол! |
13 | Тәңірілік қарт жұртта қалған екен. Майлы қамыс (қасық?) тапқанда майлана тірілген екен. Өлімнен озыпты дер. Сонша біліңдер! |
14 | Құзғынды ағашқа апарыпты (байлапты). Қатты ма, бос па дер! Сонша біліңдер! |
15 | Үстінде тұман тұрды, астында тозаң тұрды. Құс балапаны ұшып азды (жаңылды), киік төлі жүгіріп азды (жаңылды), кісі ұлы жорытып азды (жаңылды). Және Тәңірі құтында үшінші жылда барлығы есен түгел көрісіпті. Барлығы қуанып сүйініпті. Сонша біліңдер! Игі ол! |
16 | Тұралау ат семіріпті. Жерін сүйіп жоғары барыпты. Басқа жерде ұры кезігіп ұстап мініпті. Жалына жонына дейін жараланған қамшыға салғанда тұрар дер. Сонша біліңдер! Жаман ол! |
17 | Мініс ат өңір (шығыс) жерде арып шаршап қалыпты. Тәңірі күшінен тау үсті жол су көріп, орман үсті жасыл от (шөп) көріп жорытып барып су ішіп өлімнен құртылыпты дер. Сонша біліңдер! Игі ол! |
18 | Кереге үй іші не тек ол? Түндігі не тек ол? Көздеуі не тек? Көруге ол! Үсті не тек? Игі ол! Бауы не тек ол? Бар ол дер. Сонша біліңдер! Жаман игі ол! |
19 | Ақ ат қарсысының үш болғанын (болмысын?) таластырып табыну жалбарыну итерген дер. «Қорықпа, игі өтін! Айныма, игі жалбарын!» дер. Сонша біліңдер! Игі ол! |
20 | Тітір (?) бурамын. Ақ боз көбігімді шашармын. Үсті Тәңіріге тиер, асты жерге кірер дер. Ұйқыдағыны оятып, жатқанды тұрғызып жорытармын. Сонша күштімін. Сонша біліңдер: игі ол! |
21 | «Қары үпгүк (құс) жыл (өтсін) өзгермес (қолға үйренбес)» деді. «Өтінбе, көрме, үркіттің» дер. Сонша біліңдер! |
22 | Ұзын тонды (әйел) айнасын көлге тастапты. Ертеңі жылап, кешке күңіреніпті дер. Сонша біліңдер. Мұңды ол. Онысы жаман ол! |
23 | Ұлан көкек қауырсынын тапты. (Онымен) сәнденген қалындық құтты болсын дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
24 | Соқыр (тек?) құлын еркек жылқылар арасында емшек тілейді. «Күн ортасы өтіп түн ортасы қайда, неде болғай?» ол дер. Сонша біліңдер! Жаман ол! |
25 | Екі өгізді бір дәртеге жегіпті. Қамалып тұра беріпті дер. Сонша біліңдер! Жаман ол! |
26 | Таң ағарып (таңарып), одан жер жарықтанды, одан күн туды. Барлық үсті жарық болды дер. Сонша біліңдер! Игі ол! |
27 | Бай ер қойы үркіп барып бөріге кезігіпті. Бөрі аузы емшекке тиіпті. Есен түгел болыпты дер. Сонша біліңдер! Игі ол! |
28 | Хан отырып орда жасады, елі тұрды. Төрт бұрыштағы игісі (теріліп) жиналып қуанып шаттанды дер. Сонша біліңдер! Игі ол! |
29 | Ойын (құмар) еркек ұлын, кісісін тұтқын (бәске) ұрып ойнағалы барды. Ұлын, кісісін ұтылмады. Қайта тоқсан бас қой ұтты. Ұлы мен әйелі көп қуанды дер. Сонша біліңдер! Игі ол! |
30 | Шығай (кедей) ер ұлы қызмет қылуға барыпты. Жолы жарапты. Қуанып, шаттанып келіпті дер. Сонша біліңдер! Игі ол! |
31 | Барыс киік аулап жеуге маңайға барыпты. Жемтігі маңайда болыпты. Болғасын қуанып шаттанып ұясына қарай келіпті дер. Сонша біл! Игі ол! |
32 | Бір тобылғы жүз болды. Жүз тобылғы мың болды. Мың тобылғы түмен (он мың) болды дер. Сонша біліңдер, пайдасы бар, игі ол! |
33 | Киізді суға салыпты (сұғыпты). «Тағы ұр! Қатты ма?» дер. Сонша біліңдер. Жаман ол. |
34 | Хан соғысқа барыпты. Жауын шаншыпты. Көшіріп, қондырып келер. Өзі, әскері қуанып, шаттанып ордасына қарай келер дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
35 | Ер соғысқа барыпты. (Қайтар) жолда аты арыпты. Ер аққу құсқа кезігіпті (соғысыпты). Аққу құс қанатына отырып қалықтап барып анасына, әкесіне жетіпті. Анасы, әкесі қуанып шаттаныпты дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
36 | Көп аттыдан қуаныш жоқ. Аз аттыдан қорқыныш жоқ. Ұшарлық құтың жоқ дер. Сонша біліңдер. Сондай жаман ол! |
37 | Бір кәрі өгіздің белін кесе құмырсқа жепті. Қозғала алмай тұрар дер. Сонша біліңдер: жаман ол! |
38 | Қамыс арасында қалыпты. Тәңірі ұнамдық сенімді қатұн болсын дер. Сонша біліңдер. Игі ол. |
39 | Атты теріс кісендепті. Қозғала алмай тұрар дер. Сонша біліңдер: жаман ол. |
40 | Батыр ұрпақ(ұрық) жасын (оғын) жартасты қақ жара ұрған. Жалғыз жортар дер. Сондай алып еді. Сонша біліңдер: игі ол! |
41 | Ақ боз қашар бұзаулапты. «Өлермін» депті (қашар). Ақ боз еркек бұзау келіпті (туыпты). Игілікке жарар. Өлімнен озыпты дер. Сонша біл. Игі ол! |
42 | Ұзын тонды (әйел) ыдыс-аяғын қойып(қалдырып) барыпты. Қайтадан жақсы ойланыпты. «Ыдыс-аяғымды тастап қайда барам?» дер. Қайта келіп ыдыс-аяғын алып, есен-түгел болыпты. Қуанып, шаттаныпты дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
43 | Сұңқар-құс өзен құсын аулай барыпты. Басқа жыртқыш қара құс қалықтап барыпты дер. Сонша біліңдер. Жаман ол. |
44 | Сұңқар құс Тәңіріден (төменге) қарай «қоян» деп ағыпты. Сұңқар құс тырнағын сұқты. Қайтадан ұшқанда сұңқар құстың тырнағы ұйып қала беріпті. Қоян терісі ұйпаланып жүгіре беріпті. Солай дер. Сонша біліңдер. Жаман ол. |
45 | «Киік ұлымын. Отсыз, сусыз қалдым ғой. Қанша жүрейін?» дер. Сонша біліңдер. Жаман ол. |
46 | Түйе балшыққа түсіпті. Басында (шөп) жеген өзін, (соңында) түлкі жепті дер. Сонша біліңдер: жаман ол! |
47 | Ер еңбектеп (құлшылық жасай) барыпты. Тәңіріге кезігіпті(соғысыпты). (Тәңіріден) құт қолқалапты (сұрапты). (Тәңірі) құт беріпті: «ауылыңда жылқың болсын. Өзің (өмірің) ұзын болсын» депті. Сонша біліңдер. Игі ол. |
48 | Кәрі жол Тәңірімін. Сынығыңды сыпырармын. Үзігіңді жалғармын. Елді еткішпін. Игісі болсын дер. Сонша біліңдер. |
49 | Барыс киік аулауға маңайға барыпты. Сол жерде таутекеге кезігіпті (соғысыпты). Ала тау теке жартас қияға өрмелей барыпты. Өлімнен озыпты. Өлімнен озғанына қуанып шаттанып жүріпті дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
50 | Тоқ? атты құйрығын тігіп тура жазыққа қой. Жауыр ат тоғыз қат үш ерің? топталғанша терлесін дер. Сонша біліңдер: жаман ол! |
51 | Жыртқыш қара құспын. Жасыл қия жайлауым. Қызыл қия қыстауым. Ол тауда тұрып қуанарымын. Сонша біліңдер! |
52 | Ер босаң, Тәңірі бұлтты болды. (Бұлт) арасына күн туды. Қайғы арасына қуаныш келді дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
53 | Боз бұлт жылжыды. Бүтін (халық) үстіне жауды. Қара бұлт жылжыды. Барлығының үстіне жауды. Тары пісті. Жас от өнді. Жылқыға, кісіге игі болды дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
54 | Құл сабы(сөзі) бекке қарай өтіну. Құзғын сабы(сөзі) Тәңіріге қарай жалбарыну. Үстіде Тәңірі естіді. Астыда кісі білді дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
55 | Алып ер ұлы соғысқа барыпты. Соғыс жерінде ерікті (сөз)сапшы төре етеміз дер. Үйіне қарай келгенде өзі (төре) атаныпты. Қуаныш атын жетектеп келер дер. Сонша біліңдер. Анық игі. |
56 | Үйірге құтты айғырмын. Жаңғақ ағаш жайлауым, құсты ағаш қыстауым. Сонда тұрып қуанармын дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
57 | Ғашығы өліпті. Көңілдесі тоңыпты. Ғашық неге өлген ол? Бек еді ол. Көңілдесі неге тоңады ол? Күн көзіне отырар ол. Сонша біліңдер: бұл ырық басында аз-аз қайғы бар екен. Қайта игі болар. |
58 | Ұлы анасына, әкесіне өкпелеп безе барыпты. Қайта сағыныпты. Келіпті. «Анам өтінішін алайын, әкем (сөз-)саптауын тыңдайын» деп кетіпті дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
59 | Жылға тигенді жүдетпейін, айға тигенді арытпайын. Игісі болсын дер. Сонша біліңдер. Игі ол. |
60 | Тоғыз айыр мүйізді киікпін. Бәдіз тізе үстіне мініп мөңірермін. Үстіде Тәңірі естіді, астыда кісі білді. Сондай күштімін мен дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
61 | Тырна құс түстенуге қоныпты. Тоймайтын тұзаққа ілініпті. Ұша алмай отырар дер. Сонша біліңдер. Жаман ол. |
62 | Жарағұн киікпін. Жайлау тауымның ығында жайылып тұрармын. Қуанармын дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
63 | Хан сүңгісі(әскері) аңға шықты. Сағыр(қоршау) ішіне елік киік кірді. Хан елікті ұстады. Қара түгел сүңгісі(әскері) шаттанар дер. Сонша біліңдер: игі ол! |
64 | Көк боймыл сұңқар құспын. Көретін қияға қонып көздеймін. Жаңғақты тал тұғыр үстіне түсіп жайлаймын дер. Сонша біліңдер: анық игі ол! |
65 | Семіз ат аузы қатты болды. Иесі (аша) алмады дер. Сонша біліңдер: жаман ол. |
66 | Енді қарғам, ұланым, сонша біліңдер: бұ «Ырық бітік» – игі ол. Сондықтан әрікім өлуге ерікті ол. |
|
4 | белгілік : сап-сөздер :: |