|
|
|
|
Оқылуы
Бұл таңба қазіргі қазақ тіліндегі дауысты ұ және о дыбыстарына сәйкес.
Мысалы, ( ) ұлы деген сөзде ұ деп айтсақ, ( ) боз деген сөзде о деп айтамыз.
Ажырату
Таңбаның ұ немесе о екенін қазіргі қазақшаның кириллица әліппесінде ажыратып жазамыз. Дыбысы ұқсас болғандықтан түрік бітікте олар бір таңбамен белгіленеді.
Орны
Таңба сөздің басында, ортасында, соңында келе береді.
Транскрипция
Транскрипцияда латынның u және o әріптері пайдаланылады.
[oγlï] ұлы;
[boz] боз.
|
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|