|
|
|
|
Оқылуы
Бұл таңба қазіргі қазақ тіліндегі дауысты і және ы дыбыстарына сәйкес.
Мысалы, ( ) кісі деген сөзде і боп айтылса,
( ) ұлы деген сөзде ы боп айтылған.
Ажырату
Таңба і немесе ы екенін қасындағы қос дауыссыздарға қарап білуге болады. Жуан таңбамен қатар келгенде ы болады. Ұяң кезде і болады.
Орны
Сөздің соңында жиі жазылады. Сөздің ортасында, басында сирек те болса, кездеседі.
Транскрипция
Транскрипцияда латынша i және ï белгілері пайдаланылады.
Мысалы, [kisi] к іс і; [oγlï] ұл ы.
|
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|