|
|
|
[Ordu balïq] Ордұ-балық |
Ордұ-балық (Қара балық?). VII-XI ғасыр. Түрік Елі мен Ұйғыр қағандығының астанасы Ордұ-балық қаласы (жергiлiктi халық: Хар балгас (Қара қалашық), Хан балык деп атайды). N- 47 º23´; E- 102º28´. Қазіргі Моңғолияның Арханғай аймағы Хотонт сұмынының оңтүстiгiнде орналасқан. Қаланың нақты атауы жайында үзілді-кесілді тарихи жазба деректер жоқ. Оның не себептен «Хан-балық , Балықлық , Орды-балық, Қара балғасұн, Хар-балгас» аталғаны анық емес.
![](ethno/qarabalga1.jpg) | ![](ethno/qarabalga2.jpg) |
![](ethno/qarabalga3.jpg) |
Орды-балық қаласы. Әуефотосурет. 2007 ж. |
Дегенмен де моңғолша Хар-балгас < Qara balgasun деп аталуына қарағанда бұл қаланың тарихи атауы Qara balіq > Қара-балық болу керек. Өйткені көне түрік дәуірінің жер-су атаулардың басым көпшілігі моңғол тілінде, жергілікті халықтың атауында да сол қалпында дерлік сақталынып келген. Зерттешілердің басым көпшілігі осы қаланы Ұйғыр қағандығы дәуірінде салынған , ұйғырлардың ордалық бас қаласы деп есептейді. Сол себептен де Qan balіq > Хан балық, Balіqlіq> Балықлық, Ordu balïq > Орды балық, Хар-балгасун деген секілді әр түрлі нұсқаларда жаңғыртып қарастырады. |
|
|
|
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|