қазрусeng
:
:
  Барық IV (e-8) бітіктасы

Барық IV (e-8) бітіктасы


«Барық ескерткіштері», Е-8 515


Барық өзені бойында Ийи тал селосынан 11 км шығыста Е-5, Е-8 және Е-6, Е-7 бітіктастары қос қостан қатар орналасқан.

Тува музейінде сақтаулы.


Көне түрік дәуірінікі. 3 жол түрік бітік тігінен қашалған. Бітіктің астыңғы жағында таңба бар.

Қызыл сұр құмдақ тастан жасалынған. Бітіктастың бір қапталында 3 жол мәтін қашалған.


Биіктігі – 115 см, ұзындығы – 53 см, ені – 12 см


1891 ж. Клеменц алғаш тапқан122. Мәтіндік тұрғыдан С.Е.Малов507, И.А. Батманов, И.В.Кормушин270 зерттеу жүргізген.


  И.В.Кормушинның оқуы:

1. … kün aj: bökmedim-e

2. ... /quj/da: qunčyïmqa: adïrïltïm

3. …jegin ben …

Солнце луна, - я не насладился (вами)

С моими супругами в (женских покоях) я разлучился

Я ..йегин..

1.Васильев Д.Д. Памятники тюркской рунической письменности азиатского ареала. //Советская тюркология, 1976. – № 1. – С.71-81.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.