қазрусeng
:
:
  Чаа-Қол XI (e-23)

Чаа-Қол XI (e-23)


Чаа-Холь XI, Е 23 515


Ұлық-Кемнің сол ағысы бойынша, Кемчик өзенінің сағасынан 25 км жоғарыда орналасқан Чаа-қол өзені маңындағы жазықтан бір топ бітіктастар табылған. Қазіргі уақытта ол жер Саян-Шушенск ГЭС-інің су қоймасының астында қалған. Аталмыш топ ескерткіш, Е 15-тен басқасы музейлерде сақтаулы.

Бұл бітіктастың табылған жері Ұлық-Кемнiң сол ағысы бойынша Чаа-Қол сағасынан 8 км жерде.

Ескерткіш бірінші Қызылдағы СТЭАН-ға әкелінді. 1973 ж Тува музейіне өткізілді.

Тува музейiнде сақтаулы.


Бітіктас қызыл күрең сланец тастан жасалған. Көлденең қимасы төртбұрышты болады. Беті тегістелген. Қыр жасалған. Екіге бөлініп кеткен. Желден қатты бұзылған.

4 жолдан тұратын мәтін. Бітіктастың төрт қабырғасына бір-бір жолдан қашалған. 2 жолдың астында (С.Е.Малов бойынша 508) - таңба бар.


Сафьяновтың сілтеуімен 1888 ж Аспелин тапқан. 1889 ж Гейкел фотоға түсірген 121. Зерттеулер көбіне осы басылымға сүйенеді. Мәтіндік зерттеуін С.Е.Малов, H.N.Orkun және т.б. жасаған.

1.P. I - XXVI //Inscriptions de l’Orkhon. Rescueillies par l’Expédition Finnoise. 1890. Et publiées par la Société Finno-Ougrienne. Helsingfors, Imprimerie de la Société de Littérature Finnoise, 1892.
2.P. XXVII - XLIX //Inscriptions de l’Orkhon. Rescueillies par l’Expédition Finnoise. 1890. Et publiées par la Société Finno-Ougrienne. Helsingfors, Imprimerie de la Société de Littérature Finnoise, 1892.
3.P. 1 - 25 //Inscriptions de l’Orkhon. Rescueillies par l’Expédition Finnoise. 1890. Et publiées par la Société Finno-Ougrienne. Helsingfors, Imprimerie de la Société de Littérature Finnoise, 1892.
4.P. 26 - 48 //Inscriptions de l’Orkhon. Rescueillies par l’Expédition Finnoise. 1890. Et publiées par la Société Finno-Ougrienne. Helsingfors, Imprimerie de la Société de Littérature Finnoise, 1892.
5.Tab 1 - Tab 39 //Inscriptions de l’Orkhon. Rescueillies par l’Expédition Finnoise. 1890. Et publiées par la Société Finno-Ougrienne. Helsingfors, Imprimerie de la Société de Littérature Finnoise, 1892.
6.Tab 40 - Tab 66 //Inscriptions de l’Orkhon. Rescueillies par l’Expédition Finnoise. 1890. Et publiées par la Société Finno-Ougrienne. Helsingfors, Imprimerie de la Société de Littérature Finnoise, 1892.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.