қазрусeng
:
:
  U 5 (TM 342) [408]

U 5 (TM 342) 408

Орта ғасырдың басы.


U 5


Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.


Кітаптың тұтас екі бетінің жақсы сақталған бөлігі. Мәтін бағандарының арасы 2,6 см.

Бұл бөлік U 172 (Wilkens, №585) және U 179 (Wilkens, №590) қолжазбаларымен бірге болуы мүмкін 408.

Көне түрікше. Сарғыш қоңыр, жұмсақ қағазға жазылған.

Жолдар саны: I бөлік: екі жағында 11 жолдан; II бөлік: екі жағында 12 жолдан; сонымен қатар екі бөліктің екі жағында да бір жол тақырыптан бар.

I бөліктің алдыңғы жағы мен II бөліктің артқы жағының арасында қаламмен Т.М. 342 деген белгі жазылған. Сол жақ жоғарғы бұрышына U 5 және ТМ 342 деген белгілері бар жапсырмалар жапсырылған. Қоснүкте белгісін қызыл түспен қоршаған.


Әр жолдың арасы; 1,0 см (3 және 4 жолдардың арасы 0,8 см; тақырып пен бірінші жолдың арасы 1,5 см).

14,8 см (биіктігі) x 22 см (ені).


Л.Кларктың 422 айтуы бойынша, бұл жыртынды бөлік «Mensions Demon» әңгімесінің бөлігі болып табылады.


  Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung.U 5 (TM 342).

1.Konkordanz der in Katalogen beschriebenen Mainz-Fragmente. Stand: 11.08.2005
2.Wilkens J. Alttürkische handschriften. Teil 8. Manichäeisch-turkische texte der Berliner Turfansammlung.
3.Clark L. Chapter III. The Turkic Manichaean Literature. //Emerging from darkness. Studies in the Recovery of Manichaean Sources. Nag Hammadi and Manichaean Studies.
4.Sertkaya O.F. Fragmente in alttürkischer Runenschrift aus den Turfan-Funden. //Runen, Tamgas und Graffiti aus Asien und Osteuropa. 1985.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.