қазрусeng
:
:
  Mainz 403a,b (TM 337, TM 335/ТM 341)[408]

Mainz 403a,b (TM 337, TM 335/ТM 341)408

Орта ғасырдың басы.


Mainz 403a,b


Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.


Бір-біріне жалғасқан 2 жыртынды бөлік. Екі бөліктің қосылған жерінде қанша жол жетіспейтіні белгісіз, тек үзік жерінің ені ғана беріледі.

Көне түрікше, кішкене ағарған.

Жолдар саны: а: екі жағында 2 жолдан және бір жол тақырыптан; b: екі жағында 13 жолдан.

а: алдыңғы жағының жоғарғы жақ шетінде қаламмен ТМ 337 деген белгі жазылған; b: алдыңғы жағының сол жақ шетінде 8 және 9 жолдардың қатарында қаламмен ТМ 335 деген белгісі жазылған; 3 және 4 жолдардың арасында қаламмен ТМ 341 деген белгісі жазылған. Алдыңғы жағының оң жақ жоғарғы шетінде Mainz 403 және ТМ. 335, 337 деген белгілері бар жапсырмалар жапсырылған. Қоснүкте белгісінің нүтелерінің арасына қызыл нүктеден қойылған. Тақырыптары гүлмен қоршалған.


Әр жолдың арасы: 0,7 см; тақырып пен бірінші жолдың арасы 1,3 см.

а: 4,4 см (биіктігі) x 7,0 см (ені); b: 9,9 см (биіктігі) x 7,6 см (ені).


Серткая 424 ТМ 337 деген белгісі бар а бөлігін қолжазбаның жоғарғы жағы деп есептейді. Л.Кларктың 422 айтуынша, бұл бөлік «Mentions women» әңгімесінің бөлігі.


  Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung.Mainz 403a,b (TM 337, TM 335rrM 341).

1.Konkordanz der in Katalogen beschriebenen Mainz-Fragmente. Stand: 11.08.2005
2.Wilkens J. Alttürkische handschriften. Teil 8. Manichäeisch-turkische texte der Berliner Turfansammlung.
3.Clark L. Chapter III. The Turkic Manichaean Literature. //Emerging from darkness. Studies in the Recovery of Manichaean Sources. Nag Hammadi and Manichaean Studies.
4.Sertkaya O.F. Fragmente in alttürkischer Runenschrift aus den Turfan-Funden. //Runen, Tamgas und Graffiti aus Asien und Osteuropa. 1985.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.