U 172
Шығыс Түркістан. Екінші Прусс Тұрпан экспедициясында (Zweite Preußische Turfanexpedition 410) жүргізілген қазба жұмыстарында табылған.
Берлиндегі Бранденбург ғылым академиясында (Berlin-Brandenburgischen Akademie der Wissenschaften) сақтаулы.
Тұтас екі беттен тұратын қолжазбаның жоғарғы жағы.
Көне түрікше.
Морт сынғыш, сарғыш сұр, дақтары бар қағаз.
Жолдар саны: екі жағында 1 жолдан және 1 жолдан тұратын гүлдермен қоршалған тақырып.
В жағында тақырып пен бірінші жолдың арасында T II белгісі штемпельмен және D67 белгісі қаламмен қойылған; А жағында сол жақ жоғарғы бұрышында T II D67 деген белгісі бар ескі жапсырма және оң жақ жоғарғы бұрышында U 172 деген белгісі бар жапсырма жапсырылған. Қоснүкте белгілерінің қызыл қоршауы анық емес. Тақырыптар көк түсті. І бөлікте гүлдердің жапырақшалары қызыл, ортасы қара; ІІ бөлікте гүлдердің жапырақшалары қызыл, ортасы көк.
Әр жолдың арасы: I бөлік (оң жағы): А жағында тақырып пен бірінші жолдың арасы 2,0 см; II бөлік (сол жағы): 1,7 см.
4,5 см (биіктігі) x 9,0 см (ені).
Серткая 424 зерттеу жүргізген.
Depositum der BERLIN-BRANDENBURGISCHEN AKADEMIE DER WISSENSCHAFTEN in der STAATSBIBLIOTHEK ZU BERLIN - Preussischer Kulturbesitz. Orientabteilung.U 172 (T 11 D 67).