қазрусeng
:
:
  OR. 8212(78 & 79) түрік бітік мәтіні

OR. 8212(78 & 79) түрік бітік мәтіні


British Library (Stein Collections) Or.8212/78, Or.8212/79


Дунхуаннан табылған. Dunhuang Mogao (Ch.0014)

Британ кітапханасында сақтаулы. Or.8212/78 (1-5), Or.8212/79


Or.8212/78: Жыртылған қағаз бөліктері. Бір бөлік үлкендеу, қалғандары майда.589 Көне түрікше мәтін сиямен қағаздың бетіне жазылған. Жолдардың арасына, қағаздың келесі бетіне қытайша мәтін жазылған.

Or.8212/79: Қағаздың кішкентай жыртындысы. Мәтіннің 17 таңбамен жазылған екі жолы ғана қалған.


Зерттеуін Л.Базин, Дж.Гамильтон жасады591


  Үлкен бөліктің суретін мына сілтемемен қараңыз, Or.8212/78 : http://idp.bl.uk/database/large.a4d?recnum=7855&imageRecnum=115305. Сол жерде қалған бөліктерінің суреттері де бар.

Or.8212/79 http://idp.bl.uk/database/large.a4d?recnum=7854&imageRecnum=115316

Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.