қазрусeng
:
:
  Үржардан табылған қытай қола айнадағы түрік бітік мәтіні

Үржардан табылған қытай қола айнадағы түрік бітік мәтіні

VII-IX ғасырға қатысты


«Ертіс руникасының үлгілері», «Үржар қола айнасындағы руникалық жазу»


Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданынан 20 шақырымда Сасықбастау ауылына жақын жердегі көне түрік қорғанынан табылған.

Ресей, Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы. Инв. № CA 16145. Сақтаушысы А.Торгоев.


Қола айнаның жиегi мен iшкі шеңберінде дөңгелене үшкiр темiр затпен қашалып 2 жол мәтін жазылған.

1-ншi жолда - 1 таңба, 2-ншi жолда – 14 таңба. Таңба-әрiптердiң биiктiгi – 1.2-1.5 см.


Қола айнаның шеңберi 13 см.


1935 ж. Қазақстан зерттеу қоғамы тапқан. Алғашқы мәліметті А.Н. Бернштам466 жариялады. Мәтіндік зерттеуін А.С. Аманжолов467 жүргізді.


  Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.240.

1.Васильев Д.Д. Памятники тюркской рунической письменности азиатского ареала. //Советская тюркология, 1976. – № 1. – С.71-81.
2.Бекжан О.Д. Белгісіз жаңа мағыналы таңбасы бар екі руникалық жазба ескерткіштің мәні //«Қазақстан: өткені, бүгінгісі және болашағы» (Батыс Түрк қағандығы) Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.