қазрусeng
:
:
  "Ачит нуур" түрiк бiтiктасы

"Ачит нуур" түрiк бiтiктасы


Қазiргi Моңғолияның Ұбсы аймағы, Бөх мөрөн сұмыны "Ачит" көлден 17 км батыста Шанган хэв деген жерде үш тас ескерткiш шығысқа қарап қатар орналасқан.

Табылған орнында.


Ескерткiш тас – 3 дана. Ғылыми еңбектерде A, B, C деп белгіленген.

А - Бiрiншi таста - 2 жол түрiк бiтiк жазулы, батыс жағының түбiнде 34.5 см ұзын таңбалы.

B - Екiншi таста - 1 жол түрiк бiтiк жазулы, батыс жағының түбiнде 40 см ұзын таңбалы.

C - Үшiншi таста – жазу жоқ, батыс жағының түбiнде 36 см ұзын таңбалы.


А - 2,6 х 0,85 м, B - 1,35 х 0,9 м, C - 1,8 x 1,05 м.


1979 жылы моңғол аохеологi Н.Сэр-Оджав тапқан. 1980 жылы Моңғол-Совет экспедициясы тағы да зерделейдi. С.Г.Кляшторный596, С.Харжаубай597 зерттеген.

А. шашырты : шерiг кезi кемiше кем ұзыңа

....азұн анығ өнүш ебiңе

B. дтй : йоңы .....бч ұс ...с нт д

А. Адасқан шерiктiң соңында қалған кесегi жортты

……Е Кем /өзен/ өткiлi …….

Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.