қазрусeng
:
:
  Чаа-қол I (е-13) бітіктасы

Чаа-қол I (е-13) бітіктасы


VIII-IX ғ.


«Чаа-Холь I ескерткіші»


Тува Республикасы Ұлық-Кем өзені сол саласы Чаа-Қол өзені бойында орналасқан.

1892 ж.бітіктасты Минусинск музейіне әкелген. Инв.№33


Е-13-е-23 бітіктас ескерткіштері орнатылған жерлері «Саян-Шушенск су электрстанциясы» суқоймасының астында қалған.

Қара көкшіл гранит тастан жасалынған. 5 жол мәтін қашалған. Адамның басы және бойы тәрізді сызықтар бейнеленген.


биіктігі - 1,41 м, ені - 0,16-0,20 м, қалыңдығы - 0,16 м.


1892 ж. Ошурков тапқан. В.В.Радлов, Х.Н.Орхун, С.Е.Малов, П.Аалто, Э.Трыярский, Д.Д.Васильев, А.С.Аманжолов және т.б. ғалымдар зерттеді.


  Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.179.

1.Васильев Д.Д. Памятники тюркской рунической письменности азиатского ареала. //Советская тюркология, 1976. – № 1. – С.71-81.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.