қазрусeng
:
:
  Тес (е-37) бәдіз мәтіні

Тес (е-37) бәдіз мәтіні


VIII-IX ғ


«Туба ескерткіші», «Тубаның үшінші ескерткіші», «Тесь ескерткіші»


Хакасияның Тес пен Ербы өзені аралығындағы жерде орнатылған.

1896 ж. Мартьянов Минусинск музейіне әкелген. ММ, инв № 12


Сұрғылт құмдақтастан жасалынған бәдіз. Бәдіздің арқа жонында үш жол мәтін қашалған. Екі таңба қашалған. Бәдізде қашалынған мәтіннің таңба-әріптері тозып өшіңкі болып кеткендіктен ғылыми нақты бір көшірме жайында айту қиын.


биіктігі - 1,78 м, ені - 0,42-0,63 м, қалыңдығы - 0,35 м.


Алғаш 1721-1722 ж. Т.Страленберг, Д.Г.Мессершмидт басқарған экспедициясы тапқан. В.В.Радлов, Х.Н.Орхун, О.В.Субракова, И.А.Батманов, Д.Д.Васильев және т.б. ғалымдар зерттеді.


  Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.186-187.

Жалпы бұл бәдіз құмдақ тастан жасалғандықтан оның арқа тұсындағы көне түрік бітік мәтінінің таңба-әріптері өте өшіп кеткен . Сол себептен зерттеушілер әр түрлі нұсқада талдау жасап түрліше оқып келеді. Біздің тексеруімізше кейбір таңба-әріптері ғана анық қашалынған.

В.В.Радловтың транскрипциясы:

1. Qaraqan ičregi ben Ezgene 285 - Қарахан ішкі лауазымды мен Езгене

2. Altï otuz yašïma erti - алты отыз жасыма еді

3. Ben öltüm Türgeš el ičinde beg ben bitig - мен өлдім Түргеш ел ішінде бек мен бітік

И.Л.Кызласовтың транскрипциясы:

1. Qaraq örgi ben 286 - Қара Өргі мен

2. Böge taštïnqï ben - Бөге Таштыңқы мен

3. Tirgeš ben čaŋšï ben bičig 287 - Тіргеш (Түргеш ?) мен, Чаңшы мен, бічіг

И.В Кормушиннің транскрипциясы:

1. Ben qara qan ičreki ben 288 - Мен ічрек Қара хан

2. ...ben jabaqu t...da ben - мен йабақұ (рудан)

3. Türgeš ben čenši ben bič j... - Түргеш мен, мен шежіреші, мен мешін /жылы/

1.Васильев Д.Д. Памятники тюркской рунической письменности азиатского ареала. //Советская тюркология, 1976. – № 1. – С.71-81.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.