қазрусeng
:
:
  Талас X бітіктасы

Талас X бітіктасы


VIII-X ғ


«Талас өзені бойындағы ескерткіштері», «Талас руникалық ескерткіштері», «№ 10 ескерткіші»


Талас қаласынан (бұрыңғы Әулие-Ата уезді, Дмитриевский қалашығы) 8 шақырым шығыс-оңтүстіктегі Айр-Там-Ой (Қырық-Қазық) деген жерден табылған.

Қырғызстан, Бішкек қаласындағы Мемлекеттік тарих музейінде сақтаулы.


Талас VIII, IX, XI бітіктасының маңында болған.

Сұр құмдақ тастан жасалынған. Тастың үстіңгі бетінде 5 жол мәтін қашалған.


100х45х45 см.


1962 ж. П.Н.Кожемяко тапқан. Одан кейін Қырғызстан ғалымдары Д.Ф.Винник, У.Асаналиев, К.Аширалев, Ч.Жумагулов қайталап зерттеу жүргізді. Мәтіндік зерттеулерді И.А.Батманов 377 , Ч.Жумагулов 378 , А.С.Аманжолов 379 жасады.


  Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.232-233.

1.Васильев Д.Д. Памятники тюркской рунической письменности азиатского ареала. //Советская тюркология, 1976. – № 1. – С.71-81.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.