қазрусeng
:
:
  “Зурийн овоо” жартастағы түрiк бiтiк жазуы

“Зурийн овоо” жартастағы түрiк бiтiк жазуы


Қазiргi Моңғолияның Завхан аймағы, Баянтэс сұмыны “Зурийн овоо” (Зүр төбешiгi) деген жердегi жартаста қашалған.

Табылған орнында.


Төрт таңба бәдiзделген.


Жазу 3.25 м ұзындықта жазылған. Әрiп биiктiгi 18-20 см.


Алғаш 1915 жылы әйгiлi моңғолтанушы Б.Я.Владимирцов415 осы жазуды тауып, жазуды қағазға көшiрiп фотосуретiн алып, орысша аударғанымен жарияланбаған. 1969-1975 жылдары Моңғол-Совет экспедиция тобы және де Моңғолия ҒА-ның Тiл мен әдебиет институтының тобы тиянақтай бiрнеше рет зерттеген. Моңғол ғалымы М.Шинэхүү416 моңғолша аудармасын жасады. Одан кейiн С.Г.Кляшторный417 тағы да зерттеген.


  М.Шинэхүү бойынша: Алп күл ….тепек алп құл бiтiдiм есен олұртұм

Б.Владимирцов бойынша: Алп ашұн түрк алпашұн бiтiдiм йазын бартым

С.Г. Кляшторный бойынша: Алп шұл түпеш алп шұл бiтiдiм есен олұртым

Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.